Жұрт туралы Мақал-мәтелдер ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Басқа: 1
Мақал-мәтелдер: 86
Тақпақтар: 3
Өлеңдер: 223
Жаңылтпаштар: 3
Нақыл сөздер: 64
Туындылар: 1
Әңгімелер: 24
Шығармалар: 2
Эсселер: 1

Өз елім – өлең төсегім.
Мал қонысын іздейді,
Ер жігіт туысын іздейді.
Есі бүтін елден шықпайды.
Елінің қырын жықпайды.
Жат елдің жақсысы болғанша,
Өз еліңнің сақшысы бол.
Туған жердің торғайы да сүйкімді.
Күйінбеген жұрт күйдірген кезінде,
Құтқарады өзгені де, өзін де.
Жұрт келгендей жиын болсын,
Жұмылған қолдай ұйым болсын.
Көшермен болса жұрт жаман,
Кетермен болса қыз жаман.
Қарты бардың жұрты бар,
Кемпірі бардың құрты бар.
Жігіттің жақсылығын
Жұрты білер.
Жетімнің ризығы — жұрттан.