Ата туралы Мақал-мәтелдер ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Басқа: 1
Мақал-мәтелдер: 104
Жұмбақтар: 3
Тақпақтар: 46
Өлеңдер: 162
Жаңылтпаштар: 8
Нақыл сөздер: 23
Құттықтау, тілектер: 35
Баталар: 1
Әңгімелер: 45
Ертегілер: 4
Поэмалар: 3
Шығармалар: 3
Анекдот, әзілдер: 6
Аңыздар: 6
Эсселер: 1

Ата даңқымен қыз өтер,
Мата даңқымен бөз өтер.
Атадан жақсы ұл туса,
Елінің қамын жейді;
Атадан жаман ұл туса,
Елінің малын жейді.
Бір бала, атаға жете туады,
Бір бала, атадан өте туады,
Бір бала, кейін қарай кете туады.
Атаңнан мал қалғанша.
Тал қалсын.
Бала анаға аян,
Атаға күмән.
Атадан бала туар
Атасының жолын қуар.
Атадан жақсы ұл туса,
Есіктегі басын төрге сүйрер.
Атадан жаман ұл туса,
Төрдегі басын жерге сүйрер.
Ата — бәйтерек,
Бала – жапырақ.
Атаның өспес ұлы
Өнбес дауды даулайды.
Аталы ұл — қожалы құл.
Атасыз ұлдың ауызы үлкен.
Атасы тұрып, ұлы сөйлегеннен без,
Анасы тұрып, қызы сөйлегеннен без.
Атасы жоқ — мас жетім,
Анасы жоқ — қас жетім.
Атаңда болғанша,
Алақаныңда болсын.
Ата баласының
Ат меңіндей белгісі болады.
Атаңа не қылсаң,
Алдыңа сол келер.
Ата баласы
Азарыңда асық ойнайды.
Жалғыз баласы атқа шапса,Атасы ауылда тұрыпТақымын қысады.
Атасыз үй – батасыз,
Анасыз үй – панасыз.
Аталы айғыр үйірін
Жауға алдырмас.
Ата көрген жігіт
Ауылын дауға алдырмас.
Аттан тай озады,
Атадан бала озады.
Ауыр жол— атаңды сынайды,
Ауыр іс — адамды сынайды.
Атадан — өсиет,
Анадан — қасиет.
Өлі бураның басымен тірі атаңды қорқытпа.
Әр атаның өз ұлы бар,
Әр бұтаның өз гүлі бар.