Қыз туралы Мақал-мәтелдер ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Басқа: 8
Мақал-мәтелдер: 154
Жұмбақтар: 4
Тақпақтар: 15
Өлеңдер: 914
Жаңылтпаштар: 6
Нақыл сөздер: 56
Құттықтау, тілектер: 28
Баталар: 4
Туындылар: 3
Әңгімелер: 139
Ертегілер: 14
Поэмалар: 16
Шығармалар: 6
Анекдот, әзілдер: 20
Аңыздар: 38
Эсселер: 5

Көшермен болса жұрт жаман,
Кетермен болса қыз жаман.
Отырған қыз орын табар.
Қызым үйде, қылығы түзде.
Суды шым бөгейді,
Дауды қыз бөгейді.
Ыржық қызға — тыржық күйеу.
Үйінде ұл-қызы бардың,
Көгінде сөнбес жұлдызы бар.
Қотыр қызға — қола сырға.
Қызы бардың назы бар,
Қысы бардың жазы бар.
Төркініне келген қыз
Төрге секірер.
Қызғыш құсқа көл пана,
Жетім қызға ел пана.
Қызың кер әдеп болса — қорлық,
Балаң бейәдеп болса — қорлық.
Ұлың үйленсе — ырысың,
Қызың орын тапса — өрісің.
Анасын көріп қызын ал,
Аяғын көріп, асын іш.
Ата даңқымен қыз өтер,
Мата даңқымен бөз өтер.
Қыз «қуыршақ» дейді,
Бала «құлыншақ» дейді.
Әке тұрып бала сөйлесе,
Ер жеткені.
Шеше тұрып қыз сөйлесе,
Бой жеткені.
Атасы тұрып, ұлы сөйлегеннен без,
Анасы тұрып, қызы сөйлегеннен без.
Әкеден безген ұл болмас,
Анадан безген қыз болмас.
Қарты бар елдің
Қазынасы бар,
Қызы бар елдің
Базынасы бар.
Қызың жақсы болса,
Өрісің кеңейеді.
Ұлың жақсы болса,
Қонысың кеңейеді.
Жақсы қыз –
Жағадағы құндыз,
Жақсы жігіт –
Көктегі жұлдыз.
Қыздың жолы жіңішке.
Қыз өссе – елдiң көркi,
Гүл өссе – жердiң көркi.
Бір қыздың кесірі қырық есекке жүк.
Ақылды қыз — ауыл көркі.