Есек туралы Мақал-мәтелдер ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Басқа: 5
Мақал-мәтелдер: 65
Жұмбақтар: 9
Тақпақтар: 1
Өлеңдер: 29
Жаңылтпаштар: 2
Нақыл сөздер: 5
Туындылар: 1
Әңгімелер: 42
Ертегілер: 7
Анекдот, әзілдер: 5

Салпаңқұлақ есекке,
Гауһарың, лағылың есеп пе.
Итке – сабын,
Есекке сүйек тастайды.
Исаның есегін Меккеге апарсаң да,
Есек қалпында қайтады.
Екі есекке де есептен жем бере алмайды.
Есекке сиырдан қалған сабан да сарқыт.
Жібек тозса, есекке
Жабуға да жарамайды.
Есекті қанша ұрсаң да ат болмас.
Мінгені есек,
Айдағаны өсек,
Тұлабойы есеп.
Бір ұрғашының айласы қырық есек, бір қашырға жүк болар.
Ер дұшпансыз болмайды,
Есек тұсаусыз болмайды.
Есекті ысқылағанша, иығын шұқыла.
Есек болса, ерттеуші табылар.
Ерін ауыстырғаны болмаса, есегі сол екен.
Бір қыздың кесірі қырық есекке жүк.
Ешкі мінген балаға
Есек мінген ерсі емес.