Есек туралы Мақал-мәтелдер ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Басқа: 5
Мақал-мәтелдер: 65
Жұмбақтар: 9
Тақпақтар: 1
Өлеңдер: 29
Жаңылтпаштар: 2
Нақыл сөздер: 5
Туындылар: 1
Әңгімелер: 42
Ертегілер: 7
Анекдот, әзілдер: 5

Есек құлағыныңҰзындығына мақтанар,Есалаң жүзініңҚызылдығына мақтанар.
Атты тағаласаң,Есек аяғын көтереді.
ЕргежейлігеЕсектен биік көлік жоқ.
Есек өзін атқа балайды да,Әттең деп құлағына қарайды.
Есекті есек десең,Иесінің көңіліне келер.
Күшік еріксе,Құйрығымен ойнайды.Есек еріксе,Қодығымен ойнайды.
Есекке үкі тақпайды,Ешкіге жабу жаппайды. 
Есегімнің керіне қарама,Әшекейліеріне қара! 
Есектің еті — арам,Күші — адал. 
Есек семірсе, иесін тебеді.
Есек айтар: «Басым аман болса,Теңізден де су ішермін!»
Жүгі жеңіл есек жата береді.
Барлық есектер құлақтарын қозғалтады.
Аш ит ет тапса, асай береді:
Иесінің түйесі ме, дажалдың есегі ме, оған бәрібір.
Ат қартайса, есекке үйір,
Жігіт қартайса, төсекке үйір.
Арпа берген кісіден есек қашпайды.
Есегі бір теңге,
Тоқымы мың теңге.
Есегінде тұсау жоқ,
Түйесіне қом жасамақ.
Есебін ептеп білеміз,
Есегін қайтіп мінеміз.
Есек құрғақта ақырса,
Батпақта мәлім болады.
Ат туласа, есек бүлінеді.
Есек айтады:
Тірі болсам, теңізден де су ішермін.
Арыстанмен – арыстан,
Қозымен қозы болсаң да,
Есекпен есек болма.
Есек есекке ауыр емес.
Есегін жоғалтқан тағасын іздейді.