Сиыр туралы Мақал-мәтелдер ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Басқа: 9
Мақал-мәтелдер: 43
Жұмбақтар: 25
Тақпақтар: 15
Өлеңдер: 14
Жаңылтпаштар: 5
Нақыл сөздер: 2
Құттықтау, тілектер: 1
Әңгімелер: 11
Ертегілер: 3
Анекдот, әзілдер: 4
Аңыздар: 2

Сиыр су ішсе,Бұзау мұз жалайды.
Сиырдың сүті — тілінде.
Өлген сиыр сүтті болады.
Әлекпеден қорыққан сиыр жимас,
Ақыреттен қорыққан күнә қылмас.
1) Ақсақ қой түстен кейін маңырайды.
2) Таңбасыз тай, енсіз қой болмайды.
3) Мал – баланың шашуы.
4) «Көктемде бір тойдым,
Көбік қарда бір..
Адам тілден табады,
Сиыр мүйізінен табады.
Жаман сиыр жарда бұзаулайды.
Бұқада қайын жоқ,
Сиырда төркін жоқ.
Обыр сиырдан өлі бұзау туады.
Үнділік жігіт досының құрметіне сиыр етін асады.
Есекке сиырдан қалған сабан да сарқыт.
Сиыр сүйкенбей жүрмес.
Жаман кісі тақпақшыл,
Жаман сиыр соқпақшыл.
Үйіңде екі қатының болса ойран болар,
Екі сиырың болса айран болар.
Сиыр өз тілінен қыршаңқы болады.
Сүзеген сиырға құдай мүйіз бермейді.
Түйе — шудасын,
Жылқы жалын,
Сиыр мүйізін төсейді.
Сиыр сауған шөлдемес.