Адам туралы Мақал-мәтелдер ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Басқа: 7
Мақал-мәтелдер: 543
Жұмбақтар: 26
Тақпақтар: 9
Өлеңдер: 465
Жаңылтпаштар: 9
Нақыл сөздер: 730
Туындылар: 6
Әңгімелер: 56
Ертегілер: 6
Поэмалар: 4
Шығармалар: 6
Анекдот, әзілдер: 5
Аңыздар: 2
Эсселер: 3

Адам тілден табады,
Сиыр мүйізінен табады.
Адам уағдада тұрса,
Сөз қадірін білгені.
Уағдада тұрмаса,
Ол адамның өлгені.
Адам ісінің астарында өлім жатады.
Адамды екі нәрсе қартайтпайды:
Бірі — жақсы мінез,
Екіншісі — жақсы сөз.
Адамнан тілеген арыды,
Құдайдан тілеген жарыды.
Адамның ақылы азса,
Істемес істі істейді.
Адамның басы—Алланың добы.
Адамның көзі — таразы.
Адам бір оқтық, өлтіру оңай,
Бірақ мың адам бір адамды тірілте алмайды.
Адам адамнан құтылады,
Пейілінен құтылмайды.
Адам аяғының тұзағы—бала-шаға.
Адам баласы айыпсыз болмас.
Адам баласы зарыға бермейді,
Ит баласы зорыға бермейді.
Адам баласы артындағысын көріп қартаяды.
Адам бастан қартаяды,
Қартайған соң мал таяды.
Адам болған соң,
Онда кінә да болады.
Адам біліммен көтеріледі.
Адам дегені болмас,
Құдай дегені болар.
Адам емес, мәңгі өлмейтін — атағы,
Өмір-бақи жасайды ғой ол тағы.
Адам кейде астың тек тазасын ішеді,
Кейде жұғынын ғана жалайды.
Адам көші керуендей тізілген,
Көп кідірмес кезі бар ма үзілген?
Аш адам ұрысқақ, арық адам тырысқақ.
Маржан өседі, пальма өнеді, адам өледі.
Өгіз мүйізінен тұтылар,
Адам сөзінен ұтылар.
Адамның ақылы қысқарса,Аузындағы сөзі ұзара береді.