Адам туралы Мақал-мәтелдер ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Басқа: 7
Мақал-мәтелдер: 543
Жұмбақтар: 26
Тақпақтар: 9
Өлеңдер: 465
Жаңылтпаштар: 9
Нақыл сөздер: 730
Туындылар: 6
Әңгімелер: 56
Ертегілер: 6
Поэмалар: 4
Шығармалар: 6
Анекдот, әзілдер: 5
Аңыздар: 2
Эсселер: 3

 Адам болар жігіттің,
Жары өзіне лайық.
Керуен бастар жігіттің,
Нары өзіне лайық.

Жар таңдау – күрделі жұмыс. Адам өмірінің..
©  Гүлтас Құрманбай
 Мал шөпке, адам сөзге тоқтайды.

Мал шөпке тоқтайтыны рас, ал адам сөзге қалай тоқтайды? Мұнда халықтың айтпағы не?
Сөзге құлақ асу, сөз..
©  Гүлтас Құрманбай
 Адамның өзі жетпеген жерге сөзі жетеді.

Қай кезе де, кім туралы болса да жақсы сөз айтқан дұрыс. Жақсы сөз де, жаман сөзде иесіне әйтеуір..
©  Гүлтас Құрманбай
 Тексіз адам қонаққа тесіле қарайды.

Ешуақытта адамға тесіле қарауға болмайды. Ол әдепсіздік болып саналады. Байқадыңыз ба ондай адамды..
©  Гүлтас Құрманбай
 Тау тауға қосылмас, адам адамға қосылады.

Дана халқымыз осы сөзбен нені білдіргісі келді екен?
«Адамның күні адаммен» деген..
©  Гүлтас Құрманбай
Адал адам ауыр сөзден тартынар.
 
Мақалдың мағынасын ашып, түсіндіріңіз. Ауыр сөз дегенге қандай сөздер жатады?
Өмірдегі бір жағдаятты..
©  Гүлтас Құрманбай
Адамның тiзгiнi ­ ақылы.
Адам   сөйлер   сөзін,   істейтін   ісін,   әрекетін  ..
©  Гүлтас Құрманбай
Заман өзгерсе,Адам да өзгереді.
Адамның жүзі аптаптан ыстық.
Адам араққа жүгірмесе,Арақ адамға жүгірмес.
Жалғыз адам тасты да қозғай алмас,Көп жабылса, тауыңнан із де қалмас.
Адамды тұрар адам қып, Ақжүректiлiк пен адалдық.
Адам баласының жақсы қасиеттері көп. Солардың ішінде ақжүректілік дегені қандай қасиет деп..
©  Гүлтас Құрманбай
Адам қасиеттері туралы мақал-мәтелдер
Білген адам тауып айтады,Білмеген адам қауып айтады.Базарда мың кісі бар,Әркім сүйгеніне сәлем берер.Кісі болар баланыңКісімен ісі бар,Кісі болмас..
Қатты адамда ұят жоқ,
Қайда барса мият жоқ.
©  Кенен Әзірбаев
Есті кісі ерегіспейді,
Көпшіл адам бөлек ішпейді.
©  Кенен Әзірбаев
Адамның мінезі әр түрлі,
Ел біледі нарқыңды.
©  Кенен Әзірбаев
Кесірлі адам кер болады,
Кемеңгер адам кең болады.
©  Кенен Әзірбаев
Жолдасыңмен тату бол – өзгермесін ол адам.
Үй тауығын аяла, қырғауыл қумай даладан.
©  Махмұд Қашқари
Малдың аласы сыртында,Адамның аласы ішінде. 
Адам әрекетсіз болмаса,Ауру да жабыспайды.
Жалғыз адам жұмақта да жабығады.
Орын адам көркі емес, адам орын көркі.
Әке болдым деп мақтанба,Адам болдым деп шаттан.
Ел ішінде адам бол,Ит ішінде арлан бол.
Адамның тізгіні-ақылы.