Адам туралы Мақал-мәтелдер ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Басқа: 7
Мақал-мәтелдер: 543
Жұмбақтар: 26
Тақпақтар: 9
Өлеңдер: 465
Жаңылтпаштар: 9
Нақыл сөздер: 730
Туындылар: 6
Әңгімелер: 56
Ертегілер: 6
Поэмалар: 4
Шығармалар: 6
Анекдот, әзілдер: 5
Аңыздар: 2
Эсселер: 3

Адамның жасы келген сайын нашар көре бастайды, алайда кең ауқымда көреді.
©  Еврей халқы
Құстың сұлулығы қанатында, адамның сұлулығы білімінде.
©  Естеу ЖҮНІС
Адамның өзін көргеннен, ниетін білген маңызды.
©  Естеу ЖҮНІС
Адам ақылымен қымбатты, ұрпағымен сымбатты.
©  Естеу ЖҮНІС
Адамның қасіреті, оны боямайды
Тауды тас көркемді етеді, адамды-басы
Адам басқаларды басқаруы керек және өзін басқара алмайтын болса, сандырақ.
 Жолайрыққа келгенде торыққан адам екеуін де таңдайды.
©  Жебірей
 Түк таппаған адам ұлы істерге қол созады.
©  Жебірей
Алыстан адамның бәрі жақсы.
©  Жебірей
Адам тым болмағанда айналасын тану үшін өмір сүруі керек.
©  Жебірей
Құдай адамға көп тыңдап, аз сөйлесін деп екі құлақ, бір ауыз берген.
©  Жебірей
Адам — жер бетіндегі тұңғыш бақытты пенде, өйткені оның енесі болмаған.
©  Жебірей
Адамның ең жаманы-талапсыз.
©  Абай Құнанбаев
Ағын су жолын табады,Ақ адам оңын табады. 
Сусыз жердің шөбі сұйық,Суайт адамның сөзі сұйық. 
Білімді адам қателеседі және білімсіз адам қателеседі.
Адамды адам еткен ой мен сөз.
Темір сырын отта танытады,Адам сырын сөз балқытады.
Тауға тау қосылмас,Адамға адам қосылар.
Алма ағашты бергеніне қарап бағала,Адамды еңбегіне қарап бағала.
Кәрі ағаш — бұтағымен,Кәрі адам — ұрпағымен. 
Жаман көлдің суы ащыЖаман адамның тілі ащы. 
Қатты күркіреген күнТез ашылады.Қатты ашуланған адамТез басылады. 
 Жаман атқа жал бітсе,
Жанына тоқым байлатпас,
Жаман адамға мал бітсе,
Қасына қоңсы қондырмас.
Жал біту – семіру дегенді білдіреді...
©  Гүлтас Құрманбай