Қыс туралы Мақал-мәтелдер ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Басқа: 3
Мақал-мәтелдер: 40
Жұмбақтар: 23
Тақпақтар: 37
Өлеңдер: 298
Жаңылтпаштар: 8
Нақыл сөздер: 7
Әңгімелер: 22
Ертегілер: 5
Шығармалар: 9
Аңыздар: 2
Эсселер: 1

Қыстағы алаудан
Көктемдегі шуақ артық.
Қыста — көмірші,
Жазда — темірші.
Қыстың демі —
Кедейдің кебіні.
Жаздыгүні жыланнан қорыққан,
Қысты күні ала жіптен аттамас.
Жаз сайға қонба,
Қыс қырға қонба.
Қыс аязымен,
Жаз самалымен.
Үркерлі айдың бәрі қыс.
Қыстың көзі қырау.
Малды қыс құмға,
Жаз шымға айда.
Қыс қысыл, жаз жазыл.
Шаруа жазда жазылар,
Қыста қысылар.
Қыстағы қар, жаздағы жаңбыр-
Жерге жауған нұр.
Жазда жанын баққан,
Қыста қыдың қаққан.
Қыс қойыңды қопалы жерге қыстат,
Жаз қойыңа жазық жерді жайлат.
Көліне қарай - қазы,
Қысына қарай - жазы.