Корей мақалы туралы Мақал-мәтелдер ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Мақал-мәтелдер: 68

Әр дауылпаздың үні әр қилы.
Шырмауықтың да ұшына шығасың.
Өлген қазыданТірі қазы артық.
Тесектен қарасаң да-сол,Есіктен қарасаң да-сол.
Қылдай сызат-құрудың басы.
Асқар таудың көлеңкесі алысқа түседі.
Ашты, жапты-көз көрді.Айтсаңшы не өзгерді?!
Көзсіз өз қоразын өзі ұрлар.
Қайрақ-қара темірді де жейді.
Көсеу ас үйде билейді.
Тегеші де тесік, қақпағы да жырық.
Қылмысына қарай жазасы,Еңбегіне қарай олжасы.
Бағынышты бол, жалынышты болма.
Түні бойы жоқтапты да жылапты,Таң атқанда: «Өлген кім?»-деп сұрапты.
Ойсыздың бәрі өркөкірек.
Үлессіз қалған өкпелі.
Құдайшылды ғибадатхана асырайды.
Кедейдің дұшпаны-құрсағы.
Мырза еріккенінен малайын ұрады.
Қасқыр қайрымды дегенге нанба.
Көктемге жетсе, көтерем де тебеді.
Балық өзі өскен суын қимайды.
Есті қоян итке жеткізбес.
Көптің сөзіне күдік келтірме.
Көп отырған құс оққа ұшады.