Ауған мақалы туралы Мақал-мәтелдер ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Мақал-мәтелдер: 186

Менің қызым –
Әрі қызығым,
Әрі шыжығым.
Жылан шаққан алажіптен қорқады.
Жібек тозса, есекке
Жабуға да жарамайды.
Досыңнан сырыңды жасырма,
Жауыңды басыңнан асырма.
Су кешпей кебісіңді шешпе.
Өз көшесінде жаман ит те жолбарыс.
Есекті қанша ұрсаң да ат болмас.
Түйені көпір астына жасыра алмайсың.
Қылыш тәнді жаралайды,
Өсек жанды жаралайды.
Досың мың болса аз,
Дұшпаның біреу болса көп.
Тауық шақырғанға таң атпайды.