Семіру туралы Мақал-мәтелдер ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Мақал-мәтелдер: 7
Өлеңдер: 5
Нақыл сөздер: 1

Бос сөзбен қараңғы адам семіреді,
Сол әдет қара басты кеміреді.
Ат семірсе, иесін тебер.
Аяғы сынған жатып семіреді,
Қолы сынған жүріп семіреді.
Ит семірсе иесін қабады.
Адам құлақтан азады,
Көңілден семіреді.
Қарақұрт жеп қой семіреді,
Қансоқта жеп ит семіреді,
Пара жеп би семіреді.
Құлан қайда семірсе,
Сол жерге түгін төгеді.