Дос туралы Мақал-мәтелдер ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Басқа: 6
Мақал-мәтелдер: 204
Тақпақтар: 25
Өлеңдер: 592
Жаңылтпаштар: 3
Нақыл сөздер: 156
Құттықтау, тілектер: 22
Туындылар: 2
Әңгімелер: 37
Ертегілер: 10
Поэмалар: 1
Шығармалар: 5
Анекдот, әзілдер: 8
Аңыздар: 4
Эсселер: 2

Жалған жолдас — көзіңе мақтар,
Сырт айналып, сойылын баптар.
Жақынға жаны ашымағанның
Бір беті қара,
Жолдасына жаны ашымағанның
Екі беті қара.
Асы бар қазан сүйкімді,
Досы бар адам сүйкімді.
Ағаш тамырымен мықты,
Адам дос-жарымен мықты.
Анадан артық дос бар ма?
Ашудан жаман қас бар ма?
Жиырма бестен жақсы жас бар ма?
Қымыздан тәтті ас бар ма?
Той көкпармен қызықты,
Ойын-сауық дос-жарыңмен қызықты.
Опасызбен дос болма,
Еріншекпен қос болма.
Жақсы дос —
Басыңа дос
Жаман дос —
Асыңа дос.
Сырласуға дос жақсы,
Сыйласуға жат жақсы.
Достың ескісі,
Тонның жаңасы жақсы.
Жақсылықты басыңа қыл,
Басыңнан артылса досыңа қыл.
Дастарханның басында дұшпан да дос.
Тістем нанның қадірін, тарыққанда білерсің.
Анық достың қадірін, зарыққанда білерсің
Жауға жалынба, досқа тарылма.
Жақсы болса алғаның,
Үйіңнен кісі кетпейді.
Жаман болса алғаның,
Шын досың да шеттейді.
Арақпен достастым дегенше, адамгершілікпен қоштастым де.
Дос көңіліңді суытып айтады,
Қасың ойыңды жылытып айтады.
Дос көбейсе дұшпан аяқ астында.
Доспен дос болғанша шаттан,
Дұшпанмен дос болғаннан сақтан.
Босқа бергенше досқа бер.
Адал еңбек, алғыр ой - анық досың біліп қой.
Жаман дос - көлеңке.
Күлме досыңа, келер басыңа.
Бала — бауыр,
Дос — тамыр.
Жігіт көркі - өнер.