Дос туралы Мақал-мәтелдер ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Басқа: 6
Мақал-мәтелдер: 204
Тақпақтар: 25
Өлеңдер: 592
Жаңылтпаштар: 3
Нақыл сөздер: 156
Құттықтау, тілектер: 22
Туындылар: 2
Әңгімелер: 37
Ертегілер: 10
Поэмалар: 1
Шығармалар: 5
Анекдот, әзілдер: 8
Аңыздар: 4
Эсселер: 2

Досың аз, дұшпаның көп болса —
Зор боласың.
Ақылың аз, ашуың көп болса —
Қор боласың.
Ақыл — дос, ашу — дұшпан.
Дос басқа
Дұшпан аяққа қарайды.
Алыстағы досыңа
Ат берсең де жарасар,
Үйіне мініп барсын деп.
Жақындағы досыңа
Хат берсең де жарасар
Ұмытса есіне салсын деп.
Жас-жаран — ауыл ажары,
Дос-жаран — қауым ажары.
Сырты жылтыр, іші бос,
Қуыршақпен болма дос!
Дәмді болса достық қымбат,
Мәнді болса жастық қымбат.
Доссыз өмір — тұзсыз ас,
Достық құлпын байқап аш.
Аталы жау дос болмас.
Досыңмен айрылысқың келсе,
Атыңның майын бер.
Досқа ауырлығыңды салма,
Достан қарыз алма.
Асты көрсең, қадір тұт,
Досты көрсең, әділ тұт.
Тобылғылы шұбардан
Панасыз таудың несі артық?
Қадыр білмес туғаннан
Құныңды білер дос артық.
Аптада бір суға түспесең,
Тәніңді кір басады.
Аптада бір досыңмен сырласпасаң,
Жаныңды кір басады.
Ішерлік асың болсын,
Мінерлік атың болсын,
Істерлік ісің болсын,
Дос тұтқан кісің болсын.
Жоқ кездегі дос — дос,
Бар кездегі дос — бос.
Достың табанына кірген тікен,
Менің маңдайыма кірсін.
Мың дос көп,
Бір дос онан да көп,
Мың дос сырыңды шашады,
Бір дос мауқың басады.
Досыңа әзілді асырып айтсаң да,
Басынып айтпа.
Досты досқа қосқан — сауап,
Досты достан айырған — жауап...
Қорқақ жауды басындырады,
Досты ашындырады.
Пайдаңды басыңа қыл,
Басыңнан артылса, досыңа қыл.
Доссыз — көңіл тұл,
Махаббатсыз — өмір тұл.
Досы жоқ
Сырын кімге айтады?
Тыңдаушысы жоқ
Жырын кімге айтады?
Жаңа дос жаныңда жүргенде,
Ескі дос есіңде жүрсін.
Жаңа дос келгенде,
Ескі достың көзінен жас шығар.