Дос туралы Мақал-мәтелдер ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Басқа: 6
Мақал-мәтелдер: 204
Тақпақтар: 25
Өлеңдер: 592
Жаңылтпаштар: 3
Нақыл сөздер: 156
Құттықтау, тілектер: 22
Туындылар: 2
Әңгімелер: 37
Ертегілер: 10
Поэмалар: 1
Шығармалар: 5
Анекдот, әзілдер: 8
Аңыздар: 4
Эсселер: 2

Алыстағы дұшпаннан,
Аңдып жүрген дос жаман.
Ет бергендей досың болсын,
Жер бергендей қосың болсын.
Досқа ат берме,
Ат берсең, жай жүр деме.
Достың көңілі бір атым насыбайдан қалады.
Айтулы достың малы бір,
Кемедегінің жаны бір.
Екі жасты қосқанның сауабы бар,
Дос арасын ашқанның обалы бар.
Екі аяқтыдан құрдас тату,
Төрт аяқтыдан бота тату.
Сауда досқа қарамас.
Жаман туғаның болғанша,
Жақсы жолдасың болсын.
Ақылсыз достан мың сақтан,
Ақылсыз дұшпаннан жүз сақтан.
Өзің өлсең өл,
Жолдасыңды жауға берме.
Көзі сынық инемен
Көйлек тіге алмайсың.
Көңілі сынық құрбымен,
Ойнап-күле алмайсың.
Ас табылмайды,
Ас табылса, беруге дос табылмайды.
Қамыс отын емес,
Жалыны бар да шоғы жоқ.
Өтірік сөз досым емес,
Айтқан жерде өзі жоқ.
Сабы бос шотпен отын жарма,
Сабырсыз доспен жауға барма.
Ер көтерер өлімді,
Дос көтерер көңілді.
Дұшпанға тастай қатты бол,
Досыңа балдай тәтті бол.
Қасың менен досыңды
Қас-қабағы танытар.
Досыңа жібек көрпе төсеме,
Жаныңды төсе.
Қасыңа жібек көрпе төсе де
Қамшысымен отыңды көсе.
Достан сырыңды жасырма,
Дұшпанды басыңнан асырма.
Қас боп жүріп,
Дос болғанға мақтан.
Дос боп жүріп,
Қас болғаннан сақтан.
Ер сүйгендей досың болсын,
Жер сүйгіндей қосың болсын.
Қарның ашса қосқа бар,
Қайғың асса досқа бар.
Аз қайғыны ас басады,
Көп қайғыны дос босады.
Жат асыңа қарайды,
Дос басыңа қарайды.