Үй туралы Мақал-мәтелдер ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Басқа: 5
Мақал-мәтелдер: 145
Жұмбақтар: 9
Тақпақтар: 21
Өлеңдер: 267
Жаңылтпаштар: 5
Нақыл сөздер: 25
Құттықтау, тілектер: 48
Баталар: 10
Туындылар: 2
Әңгімелер: 45
Ертегілер: 2
Поэмалар: 1
Анекдот, әзілдер: 4
Аңыздар: 1

Жақсы да болса — өз үйім,
Жаман да болса — өз үйім,
Кең сарайдай боз үйім.
Құм үстінде ине сабақтама,
Түсіп кетсе, табылмас.
Қонар үйді бір күнде адақтама
Қоналқы ертең табылмас.
Үй болған соң,
Шыны-аяқ сылдырламай тұрмайды.
Қожасы жуас үйдің қонағы билейді.
Үйлері қоңыр екен деп,
Көп ауылдан кетпеңіз.
Үйі аппақ екен деп,
Оңаша үйге түспеңіз.
Арық атқа қамшы жау,
Жыртық үйге тамшы жау.
Тату үйдің тамағы тәтті.
Хасанның иті
Асанның үйінен ас ішіп,
Бошанның үйін қориды.
Иесі үйге қайтса, иті де оралады.
Үйдің жылы-суығын қыс түскенде білерсің.
Ағайынның алыс-жақынын іс түскенде білерсің.
Үй-іші толған жансың,
Бір-біріңе мейман жансың.
От жағылмаған үй — қора,
Кісі келмеген үй — мола.
Жаман үйдің қонағы билейді.
Көңіл кең болса, үйдің тарлығы білінбес.
Қонағым өз үйіңді де ойлай отыр.
Әйелі жоқ үй – жетім.
Үй үйге сыймағанмен, ел елге сияды.
Үйінде озған түбінде озар.
Туған үйдің түтіні жылы,
Туған ананың күтімі жылы.
Ынтымақты үйдің бағы бар,
Ынтымақ кетті, бақ кетті.