Үй туралы Мақал-мәтелдер ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Басқа: 5
Мақал-мәтелдер: 145
Жұмбақтар: 9
Тақпақтар: 21
Өлеңдер: 266
Жаңылтпаштар: 5
Нақыл сөздер: 25
Құттықтау, тілектер: 48
Баталар: 10
Туындылар: 2
Әңгімелер: 45
Ертегілер: 2
Поэмалар: 1
Анекдот, әзілдер: 4
Аңыздар: 1

Қонғанша қонақ ұялады,
Қонғаннан соң үй иесі ұялады.
Жақсы қатын үй дәулеті,
Жақсы шапан той дәулеті.
Үлкен үйдегі күлсе,
Кіші үйдегі езу тартады.
Жылқының көркі құйрық,
Үйдің көркі мүлік.
Қонақ жаман болса, үй иесі қалдырады,
Үй иесі жаман болса, қонақ қыдырады.
Қарты бар үйдің құты бар.
Өз үйім өлең төсегім.
Үй ішінен жау шықса,
Тұра қашып құтылмассың.
Берместің үйінде бесті қымыз тұрады.
Үйіңе келгенге, үйдей өкпенді айтпа.
Ер жігіт үйде туылып, түзде өлер.
Қатыны жоқ үй – тұл.
Үй болғанда көсеу керек.
Басқа үйдің жығуын білсем де,
Тігуін білмеймін.
Үйі жоқтың көңлінде
Алтын сарай жүреді.
Үйге кірген жыланды да
Басына ақ құйып шығарады.
Құс жеткен жеріне қонар,
Қонақ қалаған үйіне қонар.
Отау үй оңаша келеді,
Отындары тамаша келеді.
Оты өшкен үйдің
Шаңырағынан байғыз саңғиды.
Үйдің басын қатын қосар,
Елдің басын батыр қосар.
Ерге сүйенсең,
Ергенегің мықты болар.
Елге сүйенсең,
Қараша үйің құтты болар.
Жел тұрды десе,
Үйіңе арқан сал.
Жау келді десе,
Қарыңа қалқан ал.
Ер жігіт үйінен шықса, үйіріне қосылар.
Үйіңе келгенде,
Үйдей өкпеңді айтпа.
Үйі жыртық тамшы жейді,
Жалқау тантық қамшы жейді.