Үй туралы Мақал-мәтелдер ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Басқа: 5
Мақал-мәтелдер: 145
Жұмбақтар: 9
Тақпақтар: 21
Өлеңдер: 266
Жаңылтпаштар: 5
Нақыл сөздер: 25
Құттықтау, тілектер: 48
Баталар: 10
Туындылар: 2
Әңгімелер: 45
Ертегілер: 2
Поэмалар: 1
Анекдот, әзілдер: 4
Аңыздар: 1

 Адамның қандай екендігі жолда және үйінде білінеді.
Сараң үйге - кісің түспесін, парақор биге - ісің түспесін. 
©  Майқы би
Қарны ашқан қараша үйге шабады.
Бөдененің үйі көп,
Қайда барса, бытпылдық.
Би қылма, би түсетін үй қыл.
Батыр ортақ, бай ортақ,
Төресі әділ хан ортақ.
Қараңғы үйдің ішінде
Шалқымай жанған шам ортақ.
Барма ханға,
Өзі келер малға.
Барма биге,
Өзі келер үйге.
Балалы үйдің сыры жатпайды.
Әйелдің дауысы қатты шыққан үйдің босағасынан жақсылық күтпе.
Әдепсіз үйге кіріп болмас,
Әкімсіз жұртта тұрып болмас.
Алтын-күміс жиғандар үй салады.
Аз өмір сабырмен өтеді,
Ақсақ үйіне асықпай жетеді.
Атсыз үй болса да,
Ассыз үй болмайды.
Үйіңде сүтің төгілсе,
Далада бұзауың еміп кетер.
Қымызды үйде – аяқшы,
Қызды үйде – тияқшы.
Балалы үй – гүлстан,
Баласыз үй – көрстан.
Ақы төлемесең, молда үйіңе жоламайды.
Бір үйдің жарығы екінші үйге түспейді.
Үйдің байлығын көшкенде көрерсің.
Байы мешкей болса, үйге тартады,
Әйелі мешкей болса, үйді құртады.
Қызды үй қылықты үй.
Жыл бойы қайда болсаң, онда бол
Белдезерде үйде бол.

1.Белдезер — ақпан-наурыз айлары
Күйді білген қатыннан,
Үйді ұстаған қатын артық.
Ескі көр тірілерге үй болмайды,
Тақыр жерде аңшыда күй болмайды.
Күйеуге асыққан әйел байға жарымас,
Күйгелек еркек үйге жарымас.