Жолдас туралы Мақал-мәтелдер ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Мақал-мәтелдер: 98
Өлеңдер: 63
Нақыл сөздер: 18
Әңгімелер: 12
Ертегілер: 1
Анекдот, әзілдер: 1
Аңыздар: 1
Эсселер: 1

Жалғыз жүрсең, жолмен жүр,
Жолдан жолдас қосылар.
Жолдан жолдас қосылса,
Жолың болмас несі бар?!
Көзі соқырға жолдас болсаң да,
Көңілі соқырға жолдас болма.
Қасқыр ішік киген
Қасындағы жолдасының
Тоңғанын білмес.
Жолдасың жақсы болса
Жолым ұзын деме,
Жолдасың жаман болса,
Қолым ұзын деме.
Жолдасың бұзық болса,
Сенің түзіктігің қайсы?
Жолдасы көбейсе — жол кеңейеді.
Жолға шықсаң жолдасыңның
Жүгі болма, жұбы бол.
Жолдасың темірші болса,
Өзің көмірші болғаның құп.
Арбалыға жорғалы
Жолдас болмас.
Жалған жолдас — көзіңе мақтар,
Сырт айналып, сойылын баптар.
Баламен жолдас болсаң,
Бала боларсың,
Қариямен жолдас болсаң,
Дана боларсың.
Жақынға жаны ашымағанның
Бір беті қара,
Жолдасына жаны ашымағанның
Екі беті қара.
Жолдасын таппаған ер азады,
Қордасын таппаған жер азады.
Жолдасыжоқ жігіттің —
Олжасы жоқ.
Атты жол,
Адамды жолдастық сынайды.
Көп жасаған құрдасынан
Көп сөйлеген жолдасынан айрылады.
Көп жасаған
Құрдасынан айрылады.
Жұғымы жоқ –
Жолдасынан айрылады.
Жабыны жауға мінбе жалды екен деп,
Жаманмен жолдас болма малды екен деп,
Баласын қазан аттың бақпай қойма,
Жем түсіп аяғына қалды екен деп.
Атты жолдас болмайды
Арбалымен.
Жортақ жолдас болмайды
Жорғалымен.
Әркім жолдас болады амандықта,
Жаман тастап кетеді жамандықта.
Жақсы адам жолдасынан белгілі.
Жолдасты жол айырады.
Жолдастының жолы кең.