Жолдас туралы Мақал-мәтелдер ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Мақал-мәтелдер: 98
Өлеңдер: 63
Нақыл сөздер: 18
Әңгімелер: 12
Ертегілер: 1
Анекдот, әзілдер: 1
Аңыздар: 1
Эсселер: 1

Керенау жігітке
Кесепет жолдас кез болар.
Жолдас болсаң қуға
Басыңды салар дуға.
Дос — ажарың,
Жолдас — базарың.
Жақсы өз басынан көреді,
Жаман жолдасынан көреді.
Жаманмен жолдас болсаң,
Кесірі жұғар,
Жақсымен жолдас болсаң,
Несібі жұғар.
Бір сапар ер арытпас,
Жаман жолдасын жарытпас.
Жаман жолдастан мықты таяқ артық.
Ар, намысы бар жігіттің
Жолдасы бар жолында.
Ар, намысы жоқ жігіттің
Ұяты бар қолында.
Жасық жолдастан
Жыңғыл таяқ артық.
Жаманмен жолдас болсаң,
Жаласына қаласың,
Наданмен жолдас болсаң,
Бәлесіне қаласың.
Қабаған ит келер ырысты қайырар,
Қарау қатын жолдасыңнан айырар.
Жорға мінген,
Жортақы мінгенмен жолдас емес.
Жолдасы жақсы — жолды болар,
Жолдасы жаман — қолды болар.
Жолдасы көптің —
Жорғасы көп.
Жол жүрсең,
Шабанға кіріптар қылмасын.
Жолдас болсаң,
Наданға кіріптар қылмасын.
Жолға шықпас бұрын,
Жолдасыңды сайла.
Үй салмас бұрын
Көршіңді ойла.
Жолы болар жігітке
Жолдан жолдас қосылар.
Жұмысқа жұғымы жоқтың
Жолдасқа жылымы жоқ.
Жақсы таяқ
Жаман жолдастан артық.
Жолдасың жаман болса,
Көңілің азар.
Жолдасың жақсы болса,
Күнде базар.
Жолдас,
Жолдассыз жолың болмас.
Жолдас,
Жолдасына жамандық қылған оңбас.
Қажымалы мың жолдас,
Жаныңда жолдас жоқпен тең.
Жанын қиған бір жолдас
Қоралы-қосын көппен тең.
Туған көп,
Туысқандай болмас,
Тұрман көп,
Құйысқандай болмас,
Жолдас көп
Уағдада тұрысқандай болмас.
Жаман туыстан
Жақсы жолдас артық.