Ынсап туралы Мақал-мәтелдер ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Мақал-мәтелдер: 85
Өлеңдер: 3
Нақыл сөздер: 4
Әңгімелер: 1
Эсселер: 1

Қар жауды деп қуанба,
Артынан аязы болар.
Қожа келді деп қуанба,
Артынан ниязы болар.
Жарлының еңбегі — байдың ермегі.
Қайырсыз байдан қайнатқан су артық.
Жаңа байығаннан қарыз алма.
Байдың күні пәрменмен,
Жарлының күні арманмен.
Байға құл болғанша,
Байғұсқа ұл бол.
Ескі бай аяншақ келер,
Жаңа бай мақтаншақ келер.
Бай қасына барып бақыр болмасаң, маған кел,
Хан қасына барып басыңды алмаса, маған кел.
Байды өркөкіректік өлтірер.
Жарлы кісі жаманар,
Жаманар да, қуанар.
Сорлыға сорпа да жетпейді.
Жарлы атқа мінсе, «Қайдан алды» дер,
Бай атқа мінсе, «Құтты болсын» дер.
Қазаншының еркі бар,
Қайдан құлақ шығарса.
Жеген аз, жегізген көп.
Екі ұштыны бір күшті қосады.
Кеме келгенде,
Қайық судан шығады.
Көргенді көптеген жеңеді.
Етігі жаман төрге шыға алмас,
Жеңі жаман ас іше алмас.
Өзі тойса да, көзі тоймайды.
Әулие қасындағысын қолтықтайды.
Алыстағы әулиеден,
Жақындағы машайық артық.
Құр алғыс азық болмайды.
Алла бермегенді, молда бермейді.
Қарғанған құр қалар.
Біреудің атанына дегені,
Өзінің ботасына көрінер.