Соғыс туралы Мақал-мәтелдер ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Басқа: 1
Мақал-мәтелдер: 35
Тақпақтар: 55
Өлеңдер: 179
Нақыл сөздер: 48
Құттықтау, тілектер: 34
Баталар: 8
Әңгімелер: 36
Ертегілер: 3
Поэмалар: 2
Шығармалар: 11
Анекдот, әзілдер: 1
Эсселер: 8

Үргедек өзіне сенбейді,
Барлауда болса, көзіне сенбейді.
Үргедекпен оттас болсаң,
Сөзіне сенбе,
Жан алқымда өзіне сенбе.
Қорқақ қол бастамас.
Қорқақтың сылтау қойнында,
Басын сақтау ойында.
Бір қорқақтың кесірі мыңға тиер,
Жолдас болсаң қорқақпен - жаның күйер.
Арсыз адам қорқақ келеді,
Барлауға да шорқақ келеді.
Қыздың ерлігі қырғында білінді,
Әйел демей алдына жауы жүгінді.
Жолдастарың күзеттегі саған сенеді,
Қырағы қыран көзіне сенеді.
Қанды соғыс ерге сын,
Қаптаған жау елге сын.
Шөлде суыңды сақта,
Соғыста туыңды сақта.