![]() |
|
![]() |
Мерген туралы Мақал-мәтелдер ✍️
Мақал-мәтелдер: 11
Жұмбақтар: 1
Тақпақтар: 1
Өлеңдер: 21
Жаңылтпаштар: 3
Нақыл сөздер: 1
Әңгімелер: 2
Ертегілер: 1
Аңыздар: 3
Дөп соғатын ойыншыны доп өзі табады.
Жазбайтын мерген болмас, Жаңылмайтын білгіш болмас.
Кейбір адамдар біреулердің жасаған кемшілігін, қателігін кешіре алмайды. Ол дұрыс емес...
Кейбір адамдар біреулердің жасаған кемшілігін, қателігін кешіре алмайды. Ол дұрыс емес...
— Гүлтас Құрманбай
Қойнына кірген құсты мерген де атпайды.
Алары болар бергеннің,
Атқаны – олжа мергеннің.
Атқаны – олжа мергеннің.
Епсіз мерген құрды атады,
Қарайған қырды атады.
Қарайған қырды атады.
Көк байталға мінген сергексиді,
Көгершінді ілген мергенсиді.
Көгершінді ілген мергенсиді.
Жаңылмайтын мерген – жаңбыр.
Мергеннің
Көзі де мерген,
Қолы да мерген.
Көзі де мерген,
Қолы да мерген.
Айдындағы аққуды
Ақылды мерген атпайды,
Ақ еркесін айдынның
Атуға қолы батпайды.
Ақылды мерген атпайды,
Ақ еркесін айдынның
Атуға қолы батпайды.
Мерген — қорғаныста тіреніш,
Шабуылда сүйеніш.
Шабуылда сүйеніш.
Жаман мерген киік атқан жеріне
Үш рет оралар.
Үш рет оралар.