Түйе туралы Мақал-мәтелдер ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Басқа: 11
Мақал-мәтелдер: 78
Жұмбақтар: 46
Тақпақтар: 16
Өлеңдер: 30
Жаңылтпаштар: 2
Әңгімелер: 8
Ертегілер: 4
Аңыздар: 9
Эсселер: 1

Барлық жүкті көтерген түйе,
Бақырды да көтеруге күші жетеді.
Жылан өз иірлігін білмейді,
Түйенің мойнын күндейді.
Түйе мінген қой арасына жасырына алмайды.
Түйенің өзі үлкен болса да,
Құмалағы үлкен емес.
Түйеге «Ойна!» десең,
Дүниенің ойранын шығарады.
«Мойның неге қисық?» десе түйеге:
«Түзу нәрсе пешенеме тие ме?» депті.
Түйе жүкті тарта алмаса да,
Түңіліп бақыруын қоймайды.
Түйе тұрғанша, күрмеп қал.
Түйе қараған мылжың,
Қатыны өлген мылжың.
Бота беріп, түйе қалады.
Түйені көпір астына жасыра алмайсың.
Қажы өлсе, түйеден жүк кемиді.
Түйе даулап - лақ ал, лақ ал да - тына қал.
Түйенің бурасы жақсы,
Сөздің турасы жақсы.
Ат - биеден, аруана - түйеден.
Түйе мінген адам үш бүктеле алмайды.
Атан-түйе ойнаса жұт болады.
Түйенің танығаны жапырақ.
Түйе байлық, жылқы мырзалық.
Түйені жел шайқаса,
Ешкіні көктен табарсың.
Жебір түйе жабуын жер.
Түйе — шудасын,
Жылқы жалын,
Сиыр мүйізін төсейді.
Төркін десе қыз төзбейді,
Көкпек десе түйе төзбейді.
Досыңнан түйе сұрасаң,
Ұялғанынан бие берер.
Арамнан алған түйеден,
Адалдан алған ешкі жақсы.