Сөз туралы Мақал-мәтелдер ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Басқа: 3
Мақал-мәтелдер: 508
Жұмбақтар: 6
Тақпақтар: 11
Өлеңдер: 490
Жаңылтпаштар: 1
Нақыл сөздер: 205
Құттықтау, тілектер: 3
Туындылар: 4
Әңгімелер: 42
Ертегілер: 1
Поэмалар: 3
Анекдот, әзілдер: 3
Эсселер: 1

Тыңдамаған бір сөзді
Түсіне алмас мың сөзді.
Тәтті сөз қатты таяқты қақ бөлер.
Жақсы сөз тасты жібітер,
Жаман сөз басты шірітер.
Тебірентер сөз темір қақпаны да ашады.
Тауды, тасты су бұзады,
Адамзатты сөз бұзады.
Кісінің көркі - жүз,
Жүздің көркі - көз,
Ойдың көркі - тіл,
Тілдің көркі - сөз.
Жақсы сөз жан семіртеді,
Жаман сөз жан кейітеді.
Жұмсақ сөз тасты жібітеді.
Жаманнан сөз естігенше,
Жақсыдан таяқ же.
Қыңыр қызға күбір сөз ілескіш.
Жаман сөз дауға қалдырады.
Өтірікшінің шын сөзі жалғанға айналады.
Куәлі сөз – некелі қатын.
Күйгелек болу — өзіңнен,
Күтімді болу — сөзіңнен.
Жақсыны сөз өлтірсе,
Жаманды таяқ өлтіреді.
Оймақ ауыздан шыққан сөз
Отыз руға тарайды.
Желден – шаншу жаман,
Сөзден – қаңқу жаман.
Өзі – шілдей,
Сөзі – мірдей.
Ұрған сайын көз шықпас,
Үрген сайын сөз шықпас.
Қадіріңді бір сөз қашырса да,
Мың сөз қайтармайды.
Құрғақ қасық ауызға жетпес,
Құрғақ сөз құлаққа өтпес.
Белгі болса, адам жолдан адаспайды,
Білігі болса, кісі сөзден шатаспайды.
Сөз атасы – құлақ,
Жол атасы – тұяқ,
Су атасы – бұлақ.
Қарттар сөзі бекер кетпейді,
Шыбық ексең – бақ үзілмейді.
Тәтті сөзге алданған
Жақсы жұмысын ақсатар.