Сөз туралы Мақал-мәтелдер ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Басқа: 3
Мақал-мәтелдер: 508
Жұмбақтар: 6
Тақпақтар: 11
Өлеңдер: 490
Жаңылтпаштар: 1
Нақыл сөздер: 205
Құттықтау, тілектер: 3
Туындылар: 4
Әңгімелер: 42
Ертегілер: 1
Поэмалар: 3
Анекдот, әзілдер: 3
Эсселер: 1

Айтылған сөзді қайтарып ала алмайсың.
Айтылмаған сөздерің саф алтындай,
Тістен шықса, қалар бақыр қалпында-ай.
Адам уағдада тұрса,
Сөз қадірін білгені.
Уағдада тұрмаса,
Ол адамның өлгені.
Адамды екі нәрсе қартайтпайды:
Бірі — жақсы мінез,
Екіншісі — жақсы сөз.
Ағаш басына жел тиер,
Көрікті кісіге сөз тиер.
Адал сөзбен айтысады,
Өсек сөзбен сыбырласады.
Сөздің таяғына ойдың шалы сүрінер.
Қуатты сөз – дуалы, құс сияқты қанатты боп туады.
Тіл – тіліп түсер наркескен,
Сөз – өткір жебе тау тескен.
Кәрінің сөзін қапқа сал,
Өлгеніңше ырзығың таусылмайды.
Сөзің өлгенше, Өзің өл.
Сүйексіз тіл сүйекті де сындырар.
Тілмен байланған қолмен шешілмес.
Тіс қатты ғой, бірақ сынып кетеді,
Тіл жұп-жұмсақ ұзақ тірлік етеді.
Кім сөйлейді – онда емес әңгіме,
Ең бастысы – айтқан сөзі мәнді ме?!
Бидай наның болмаса,
Бидай сөзің жоқ па еді?
Биікке келсе самғағың,
Сөз – саты, соны аңдағын.
Келтірсе тамақтың тұз дәмін қалай,
Келтірер сөздің әзіл сәнін солай.
Өгіз мүйізінен тұтылар,
Адам сөзінен ұтылар.
Жіп түйінсіз байланбас,
Сөз шындықсыз бәйгі алмас.
Ауызбен ауыл көшірме,
Тіліңмен отын отама.
Адамның ақылы қысқарса,Аузындағы сөзі ұзара береді.
Ұнамсыз сөзді жаратпасаң, өзің де айтпа.
Сөздің тілінен істің тілі шешенірек.
Қымбат сөз қысқа қайырылар.