👈 қаріп өлшемі 👉

Сөз туралы Мақал-мәтелдер ✍️


Мақал-мәтелдер: 463
Жұмбақтар: 6
Тақпақтар: 1
Өлеңдер: 166
Жаңылтпаштар: 1
Нақыл сөздер: 162
Құттықтау, тілектер: 3
Туындылар: 1
Әңгімелер: 26
Анекдот, әзілдер: 2

Ауызбен ауыл көшірме,
Тіліңмен отын отама.
Адамның ақылы қысқарса,Аузындағы сөзі ұзара береді.
Ұнамсыз сөзді жаратпасаң, өзің де айтпа.
Сөздің тілінен істің тілі шешенірек.
Қымбат сөз қысқа қайырылар.
Тыңдамаған бір сөзді
Түсіне алмас мың сөзді.
Тәтті сөз қатты таяқты қақ бөлер.
Жақсы сөз тасты жібітер,
Жаман сөз басты шірітер.
Тебірентер сөз темір қақпаны да ашады.
Тауды, тасты су бұзады,
Адамзатты сөз бұзады.
Кісінің көркі - жүз,
Жүздің көркі - көз,
Ойдың көркі - тіл,
Тілдің көркі - сөз.
Жақсы сөз жан семіртеді,
Жаман сөз жан кейітеді.
Жұмсақ сөз тасты жібітеді.
Жаманнан сөз естігенше,
Жақсыдан таяқ же.
Қыңыр қызға күбір сөз ілескіш.
Өтірікшінің шын сөзі жалғанға айналады.
Күйгелек болу — өзіңнен,
Күтімді болу — сөзіңнен.
Жақсыны сөз өлтірсе,
Жаманды таяқ өлтіреді.
Оймақ ауыздан шыққан сөз
Отыз руға тарайды.
Желден – шаншу жаман,
Сөзден – қаңқу жаман.
Өзі – шілдей,
Сөзі – мірдей.
Ұрған сайын көз шықпас,
Үрген сайын сөз шықпас.
Қадіріңді бір сөз қашырса да,
Мың сөз қайтармайды.

Біз cookie файлдарын пайдаланамыз!
Біздің сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, сіз сайттың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін cookie файлдарын өңдеуге келісім бересіз.
Жақсы