Сөз туралы Мақал-мәтелдер ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Басқа: 3
Мақал-мәтелдер: 508
Жұмбақтар: 6
Тақпақтар: 11
Өлеңдер: 490
Жаңылтпаштар: 1
Нақыл сөздер: 205
Құттықтау, тілектер: 3
Туындылар: 4
Әңгімелер: 42
Ертегілер: 1
Поэмалар: 3
Анекдот, әзілдер: 3
Эсселер: 1

Орынды айтылған сөз —
Орнына қағылған шеге сияқты.
Ойнап сөйлесең де,
Ойлап сөйле.
Сөз сүйектен өтеді,
Таяқ еттен өтеді.
Мір тәуекел бұзады,
Мың қайғының қаласын;
Бір жылы сөз бітірер
Мың көңілдің жарасын.
Адам сөзінен жазады,
Сиыр мүйізінен жазады.
Көз жеткізер,
Көз жеткізбегенді
Сөз жеткізер.
Аталы сөзге,
Арсыз жауап қайырар.
Ақ пен қараны
Шындық айырар.
Шал,
Шалдың сөзі — бал.
Ұлы сөзде — ұят жоқ.
Сөз тапқанға қолқа жоқ.
Аяғы жаман төрді былғар,
Аузы жаман елді былғар.
Көп сөйлеген —
Көптен айрылар.
Сөйлей білмеген,
Сөзді қор етер.
Тіге білмеген,
Бөзді қор етер.
Қол өнері — кілемде,
Сөз өнері — өлеңде.
Келіннің сөзі кетпендей,
Баланың сөзі батпандай.
Анаңа ауыр сөз айтпа!
Атыңа ауыр жүк артпа!
Сөзге көп — іске жоқ.
Сөзі — аз,
Ісі — саз.
Милауға сөз ұқтырудан
Бураны кезіктіру оңай.
Біреудің өзі жақсы,
Біреудің көзі жақсы,
Біреудің сөзі жақсы.
Жаман көзден,
Жалған сөзден сақтан.
Жақсының өзі өлгенмен, сөзі өлмейді.
Жақсы адам елдің ырысы,
Жақсы сөз жанның тынысы.
Ұстаның бізі сүйкімді,
Жақсының сөзі сүйкімді.
Бұралқы мал мінуге жақсы,
Бұралқы сөз күлуге жақсы.