Отбасы туралы Мақал-мәтелдер ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Басқа: 2
Мақал-мәтелдер: 91
Жұмбақтар: 2
Тақпақтар: 35
Өлеңдер: 61
Нақыл сөздер: 24
Құттықтау, тілектер: 21
Баталар: 12
Туындылар: 4
Әңгімелер: 38
Ертегілер: 1
Шығармалар: 5
Анекдот, әзілдер: 2
Аңыздар: 1
Эсселер: 8

Жан қимақ бар,
Жар қимақ жоқ.
Хан жарлығынан қатын жарлығы күшті.
Келін жаман емес, келген жері жаман.
Әйел— үйдің көркі,
Еркек— түздің көркі.
Еріншек қатынның
Етегі жыртық;
Ерке қатынның
Еріні тыртық.
Ерлі-байлы ұрысар да, керісер,
Көрісер де келісер.
Әркімдікі өзіне,
Ай көрінер көзіне.
Жақсы әйел
Жаман еркекті түзетеді.
Жаман әйел
Жақсы еркекті жүдетеді.
Жаман әйелдің мінезі қиық келер,
Сөзі сұйық келер.
Атасы жаман алғанын жамандайды,
Туысы жаман туғанын жамандайды.
Қатын қырық шырақты.
Отқа барған қатынның
Отыз ауыз сөзі бар.
Үйді қырық еркек толтыра алмайды,
Бір әйел толтырады.
Төркініне сенгеннің
Төбесі — жарық.
Қапқа түскен — қатындікі.
Келін — келін, келін — бақ,
Келмей жатып, сөзін бақ.