Отбасы туралы Мақал-мәтелдер ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Басқа: 2
Мақал-мәтелдер: 91
Жұмбақтар: 2
Тақпақтар: 35
Өлеңдер: 61
Нақыл сөздер: 24
Құттықтау, тілектер: 21
Баталар: 12
Туындылар: 4
Әңгімелер: 38
Ертегілер: 1
Шығармалар: 5
Анекдот, әзілдер: 2
Аңыздар: 1
Эсселер: 8

Аты шабан болса,
Қатыны жаман болса,
Жігіттің көрген күні құрысын.
Қасық асым —
Қайғысыз басым.
Қатыны би жігіттің
Қайын елі кәдірлі.
Екі жарты — бір бүтін,
Ерлі-қатын — бір түтін.
Еркек дауысты әйелдің ісі болмас,
Қатын дауысты еркектің күші болмас.
Бір қатын тамағымен тойғызар,
Бір қатын қабағымен тойғызар.
Тоқал байғұс тоғына мәз,
Бәйбішенің жоғына мәз.
Долы қатын жылауық,
Сұғанақ қатын — сұрауық.
Жаман қатын алғанның
Жауы үйінде.
Екі қатын алғанның
Дауы үйінде.
Төркіні жақын қатынның
Төсегі жиылмайды.
Олақ қатын оймақшыл,
Салақ қатын сауықшыл.
Келіннің бетін кім бұрын ашса,
Сол ыстық.
Қапияда қатын ақыл табады.
Айлас қатын — мұңдас.
Күндестің күні де күндес,
Күлі де күндес.
Астыңда атың болса,
Арғымақ не керек?
Жақсы қатының болса
Ұжмақ не керек!
От жақпаған үй — қорамен тең,
Кісі кірмеген үй — моламен тең.
Қатыны жоқ,
Ханның қызын алам дейді.
Ер жігіттің аты жақсы болса бір бақыт,
Алған жары жақсы болса мың бақыт.
Жақсы жұбай — жарым бақыт.
Бір үйде екі әйел болса — ойран,
Бір үйде екі сиыр болса — айран.
Көшерде жұрт жаман,
Айрыларда әйел жаман.
Салақ қатынның үйінен,
Сабақты ине табылмас.
Байсыз қатын — баусыз оймақ.
Ата – анадан жар жақын.