Тіл туралы Мақал-мәтелдер ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Басқа: 6
Мақал-мәтелдер: 363
Жұмбақтар: 26
Тақпақтар: 56
Өлеңдер: 256
Жаңылтпаштар: 3
Нақыл сөздер: 209
Құттықтау, тілектер: 24
Туындылар: 5
Әңгімелер: 30
Ертегілер: 3
Поэмалар: 1
Шығармалар: 17
Анекдот, әзілдер: 1
Эсселер: 15

Аузын бағып айтқанның — аузы күймес,
Отын бағып жаққанның жеңі күймес.
Атаңның сақалына қарама,
Айтқан мақалына қара.
Аңғал сөйлеп, аспа,
Ойланып ал, саспа.
Ұзын шапан аяғыңа оралады,
Ұзын тіл мойныңа оралады.
Бір сом беріп жырлатып,
Мың сом беріп қойғыза алмапты.
Тілі бардың
Тіріде ақысы кетпейді.
Орақты ора білмесең,
Қолыңды кесерсің
Сөзіңді сөйлей білмесең,
Жолыңды кесерсің.
Жатып сөйлеген
Жігітке жараспайды.
Сөйлей білмеген кісіден,
Үре білген ит артық.
Жол жайын білмесең,
Жүргеннен сұра.
Сөз жайын білмесең,
Білгеннен сұра.
Тамақты асығып ішпе
Түйілерсің.
Сөзді асығыс сөйлеме,
Күйінерсің.
Тіл алмасқа сөз айтсаң,
Адам таппас жауап айтар.
Жорытсаң, жол аларсың,
Жолықсаң — сөз аларсың.
Қолың ұста болсын,
Сөзің қысқа болсын!
Ажал келмей жан шықпас,
Қысыр сөзден мән шықпас.
Отқа келген келіннің
Отыз ауыз сөзі бар.
Тез қасында қисық ағаш жатпас,
Бек қасында бейбақ сөз айтпас.
Байламсыз сөз
Баусыз — шелек.
Найзалассаң найзалас,
Тіл найзаңмен түйреме
Тіл найзаңа түйреп ап,
Олай-бұлай сүйреме.
Көптің сөзі — темір талқы,
Қисайғанды түзетер.
Піл күшті,
Піл күшті емес, тіл күшті.
Жылататын да,
Жұбататын да — тіл.
Қыздырманың
Қызыл тілінен сақтан.
Тілде сүйек, таста тамыр жоқ.
Ұқпас құлаққа айтқан сөз,
Оқпанға құйған сумен тең.