Тіл туралы Мақал-мәтелдер ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Басқа: 6
Мақал-мәтелдер: 363
Жұмбақтар: 26
Тақпақтар: 56
Өлеңдер: 256
Жаңылтпаштар: 3
Нақыл сөздер: 209
Құттықтау, тілектер: 24
Туындылар: 5
Әңгімелер: 30
Ертегілер: 3
Поэмалар: 1
Шығармалар: 17
Анекдот, әзілдер: 1
Эсселер: 15

Қылышынан қан тамған батырды,
Тілінен бал тамған ақын алады.
Тілі басқа — тілегі бір,
Түрі басқа —жүрегі бір.
Тікен кірсе жаныңа,
Тілмен сылап аларсың.
Тікенектің зардабын
Гүлмен бұлап жазарсың.
Аяқ — азамат,
Қол — мүлік,
Бас — сандық,
Тіл — кілт.
Тура тілді тия алмадым,
Туғаныма сия алмадым.
Білгеніңді сөйлеме,
Не сөйлегеніңді біл.
"Кіш" деп айтуға тілі жоқтың көзін қарға шоқыр.
Тәттіден де тәтті тіл,
Ащыдан да ащы тіл.
Жабағы тайдың тері ащы,
Жаман адамның тілі ащы.
Жаманның тілі ащы,
Көк мияның гүлі ащы.
Кемеңгердің артынан көп ереді,
Сүмелектің артынан сөз ереді.
Төр төбесінде отырып,
Теріс сөйлегеннен түңіл
Есік алдында отырып,
Ерсі сөйлегеннен түңіл.
Жігіт жауда өлер,
Шешен дауда өлер.
Сақина — сәнге жатпас,
Айқай — әнге жатпас.
Ақын өлең айтпайды, жантайған соң,
Адам келмес үйіңе мал тайған соң.
Біреу қасып айтады,
Біреу басып айтады,
Біреу жаны ашып айтады.
Көргенінен көз ақы алады,
Сөйлегенінен сөз ақы алады.
Әділ сөздің зілі жоқ,
Көп көзінен өткен істің міні жоқ.
Әзіл айтсаң да,
Әділ айт.
Көңілдегі құпияңды —
Көзің айтып қояды,
Көп сөйлеген күпілдеп —
Сөзің айтып қояды.
Дуасыз ауызға,
Судыраған сөз бітер.
Жылан мінез жауызға
Жеп қойғандай көз бітер.
Кедейге өлең айтқан да — шығын.
Шешеннің сөзі — ортақ
Шебердің бөзі — ортақ.
Ақынның хаты өлмейді,
Батырдың аты өлмейді.
Сөзі ырайлының —
Жүзі шырайлы.