Тіл туралы Мақал-мәтелдер ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Басқа: 6
Мақал-мәтелдер: 363
Жұмбақтар: 26
Тақпақтар: 56
Өлеңдер: 256
Жаңылтпаштар: 3
Нақыл сөздер: 209
Құттықтау, тілектер: 24
Туындылар: 5
Әңгімелер: 30
Ертегілер: 3
Поэмалар: 1
Шығармалар: 17
Анекдот, әзілдер: 1
Эсселер: 15

Жұмсақ тіл –
Жорға желісті.
Білдірмейді бүлкегін.
Ауыздағы тіл –
Бас сақтайтын құл.
Ашынанның тілі –
Ашынаның ділі.
Тілі – басымен құрдас,
Қалжыңдаспай тұрмас.
Қызыл тіл кемел басты желге ұшырар.
Қағазға тіл бітірген - қалам,
Жансызға жан бітірген - адам.
Діліндегі – тілінде.
Қабырғада ін бар —
Не құлақ, не тіл бар.
Қолы қысқаның тілі ұзын.
Ақыл мен білімнің тілмашы тіл.
Жаман тонның биті ащы,
Жаман кісінің тілі ащы.
Тіл жүйрігі - басқа,
Қол жүйрігі - асқа.
Жалақ кісі тілден жазар,
Таз кісі қолынан жазар.
Өмірде жаман адам болмайды, тек тілін таба біл.
Қылыш жарасы бітер,
Тіл жарасы бітпес.
Тілі тәтті - көңілі қатты.
Адамға - тілінен, сиырға мүйізінен.
Қымбат дүние қолға түсе бермейді,
Қымбат сөз ауызға түсе бермейді.
Күн шалмас қараңғы көңілді сөз шалады,
Күн жылытпас сұм жүректі сөз жылыта алады.
Көп сөз ұтпайды,
Дөп сөз ұтады.
Өмірден көзің кетсе де,
Сөзің кетпесін.
Ақын — ұлттың жүрегі,
Шешен — көптің тірегі,
Батыр — көптің білегі.
Тіл — шекер, бала — кетер, байлық — бекер.
Сөз шыңды табар.
Сөз асылы мақал.