Тіл туралы Мақал-мәтелдер ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Басқа: 6
Мақал-мәтелдер: 363
Жұмбақтар: 26
Тақпақтар: 56
Өлеңдер: 256
Жаңылтпаштар: 3
Нақыл сөздер: 209
Құттықтау, тілектер: 24
Туындылар: 5
Әңгімелер: 30
Ертегілер: 3
Поэмалар: 1
Шығармалар: 17
Анекдот, әзілдер: 1
Эсселер: 15

Тіл - тіршілік тірегі.
Тіл қылыштан өткір.
Көз сыртында көз бар,Тіл астында тіл бар.
Жаман көлдің суы ащыЖаман адамның тілі ащы. 
Тіл-жүректің тілмәші.
Тілі ащы бекке тигенше тұл қалған жақсы.
©  Махмұд Қашқари
Ұзын тіл өмірді қысқартады.
 Бұқа мүйізінен, адам тілінен ұсталады.
• Жүрек қанша тар болса, тіл сонша ұзын болады.
Ат жүйрігі —Азаптан құтқарады.Тіл жүйрігі —Мазақтан құтқарады. 
Ат жүйрігі —
Азаптан құтқарады.
Тіл жүйрігі —
Мазақтан құтқарады.
Білімдар нәпсі, тілді түзетеді,
Екеуін еркі жетіп күзетеді.
Білікті біліп айтар, сөзін ұтар,
Ол емес бос сөзіңді бедел тұтар.
Білімсіз не айтса да, білмей айтар
Өз тілі өзінің кеп басын жұтар.
Білмегенді «білем» деген — күпірлік,
Тілді білген мәнін де ұғар, шүкірлік.
Болса, данам, көңіл тура, тіл майда,
Ризығың таусылмайды ондайда.
Беземе тілді бекер, болар қамшы,
Дәрісі оның у ғой бір-ақ тамшы.
Барынша бөсіп мақтанғанша,
Тілді тістеп ұстаған жөн.
Бас кетпесін, сөзіңді бақ күзетіп,
Тіс сынбасын, тіліңді бақ түзетіп.
Ашыққан ұры болады,
Ашынған тілді болады.
Ауыз бен тілдің көркі — сөз.
Ат аяғы ақсауық,
Ақын тілі қақсауық.
Арамзаның тіліне нанба,
Алтын берсе алма.
Адам тілден табады,
Сиыр мүйізінен табады.
Тіс те кейде тілді қыршиды.