Іс туралы Мақал-мәтелдер ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Басқа: 2
Мақал-мәтелдер: 180
Жұмбақтар: 3
Тақпақтар: 4
Өлеңдер: 53
Жаңылтпаштар: 3
Нақыл сөздер: 132
Әңгімелер: 9
Эсселер: 2

Баланы іске бұйыр,
Соңынан бірге жүгір.
Байдың ісі пәрменменен,
Жарлының ісі дәрменменен.
Әр істі өз мезгілінде істеу керек,
Мезгілімен істелмеген іс құнтсыз.
Әдемі сөйлегеннің ісі әйбат.
Ашу қысқан жаман іске ұрынар,
Ызалыға білім үйрет, ұғынар.
Ақымаққа іс тапсырған
Жіптің ұшын жоғалтқанменен бір.
Ақылды ой ойлағанша,
Тентек ісін бітірер.
Айтқан екен жайған адам атағын,
Сабыр еткен түзер істің шатағын.
Аз ғана игі іске көп рахмет айт.
Адам ісінің астарында өлім жатады.
Адамның ақылы азса,
Істемес істі істейді.
Адал іс істесең, адал боп өсесің,
Ақылды іс істесең, өміріңе құт,
Қиын іс бітірсең, өмір бойы қорықпайсың.
Бұл заманның ісін есті бітірмейді, епті бітіреді.
Асым қалса қалсын,
Ісім қалмасын.
Қыңыр іс қырық жылдан кейін де білінеді.
Айтып қылған істің айыбы жоқ.
Ісі оңалмастың иті шөп жейді.
Тірлікте түрлі іс кездесер,
Тірлік боп бәрі тез көшер.
Істі азанда бастасаң,
Іңірде тойларсың.
Кең тон тозбайды,
Кеңесті іс азбайды.
Баланың ісі сеп болмайды,
Ешкінің мүйізі сап болмайды.
Ағаш екпей жеміс бермес,
Іс бітпей жеңіс келмес.
Ханның ісі басталса,
Қатынның ісі тоқтай тұрар.
Орындалмасын десең,
Бір істі бес кісіге тапсыр.
Жалқауға бір іс тапсырсаң,
Мың сылтау айтады.