Ауру туралы Мақал-мәтелдер ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Басқа: 20
Мақал-мәтелдер: 92
Жұмбақтар: 1
Тақпақтар: 2
Өлеңдер: 33
Нақыл сөздер: 27
Туындылар: 2
Әңгімелер: 18
Шығармалар: 1
Анекдот, әзілдер: 2
Эсселер: 1

Үш нәрсенің алдын ал:
Аурудың алдын ал,
Жаудың алдын ал,
Қайта қозған даудың алдынал.
Арық семіреді,
Ауру жазылады.
Ауру — астан,
Дау —қарындастан.
Аурудың алдын ал.
Ауруын жасырған өледі.
Ауру кісі күлкі сүймес,
Ауыр жүкті жылқы сүймес.
Көзің ауырса, қолың тый,
Ішің ауырса, тамағың тый.
Ауырып тұрдың,
Аунап тұрдың.
Аш кісі — ұрысқақ,
Ауру кісі — тырысқақ.
Ауруда — шаншу жаман,
Сөзде — қаңқу жаман.
Ана жақсылығын,
Ауырсаң білерсің.
Қайын жақсылығын,
Қыдырсаң білерсің.
Саудың асын ішіп
Аурудың ісін істейді.
Сауын саусаң, бие сау,
Боз қырау түспей суалмас.
Түйткіл тартсаң, түйе сау,
Ауру, бәле, жын алмас.
Ас тұрған жерде ауру тұрмайды.
Қатты қыстан мал қалса — олжа,
Қатты аурудан жан қалса — олжа.
Бақсы көрінсе, дерт қозады,
Ұста көрінсе, таға тозады.
Тілеп алған аурудың емі жоқ.