Ауру туралы Мақал-мәтелдер ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Басқа: 20
Мақал-мәтелдер: 92
Жұмбақтар: 1
Тақпақтар: 2
Өлеңдер: 33
Нақыл сөздер: 27
Туындылар: 2
Әңгімелер: 18
Шығармалар: 1
Анекдот, әзілдер: 2
Эсселер: 1

Шоқай кисе, аяқ ауырмайды.
Тоқым жапса, ат жауыр болмайды.
Шапалақ жесе, шайтан да ауырады.
Алтын беріп,
Ауру алды.
Екі ауру бір келсе, ажалдың жеткені,
Екі борыш бір келсе, абыройдың кеткені.
Әдетке ауру себеп.
Басы ауырған бақсыға барады,
Даулы кісі жақсыға барады.
Ауру қалады, әдет қалмайды.
Іздеп алған аурудың емі табылмас.
Аурудан әдет жаман.
Ауру кетеді, мінез кетпейді.
Досың ауырса, ыңқылда.
Саудың асын ішіп,
Аурудың сөзін сөйлейді.
Ауруда шаншу жаман,
Сөзде қаңқу жаман.
Ауру өле-өлгенше жаннан дәмелі,
Жалқау жан қиналмай малдан дәмелі.
Ауырып ем іздегенше,
Ауырмайтын жол ізде.
Ауру желмен келiп, термен шығады.
Ауру атанды да шөктірер.
Бас ауырса жан қорқады.
Қай жерің ауырса,
Жаның сол жеріңде.
Қодастың еті
Қырық жылғы ауруыңды қозғайды.
Аурудың жақсысы жоқ,
Дәрінің тәттісі жоқ.
Ауру азығымен,
Тоқпақ қазығымен.
Көп ауырған ем табады,
Көп адасқан ел табады.
Ауру аяқ астында,
Арылу жиде басында.
Ауру жайын баққан біледі,
Аңның жайын атқан біледі.