Ауру туралы Мақал-мәтелдер ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Басқа: 20
Мақал-мәтелдер: 92
Жұмбақтар: 1
Тақпақтар: 2
Өлеңдер: 33
Нақыл сөздер: 27
Туындылар: 2
Әңгімелер: 18
Шығармалар: 1
Анекдот, әзілдер: 2
Эсселер: 1

Ауырып тұрдым, аунап тұрдым.
Ауру — өлім хабаршысы, белесі.
Өлім деген — тіршіліктің елесі.
Ауру — өлімнің түрткісі.
Ауру адам әдетте ынжық болады.
Ауру адамның айтқан өсиеті
Жақсылық жайында болады.
Ауру жазылып қалады, әдет қалмайды.
Ауру қанша қатты болса да,
Өлімнің кепілі емес.
Ауру мен жолаушы қамын
Жол қиындығын көрген біледі.
Ауру өлмес, ажалды өлер.
Асығыс піскен асты жеген ауру болады.
Асқынған ауруға пышақ ем.
Аңғармай сөйлеген,
Ауырмай өледі.
Басы ауырмағанның құдаймен ісі жоқ.
Жасырған кеселді өлім әшкерелейді.
Аурудың көңілін сұрау – дәру.
Айғыр ауырса, ат болады,
Ат ауырса, ет болады.
Ауру қыз сау қыздың бетін тырнайды.
Батпандап кірген ауру, мысқылдап шығады.
«Бер» деген дауым болмаса,
«Ыңқ» деген ауруым болмаса!
Ауру – аздырады,
Кәрілік – тоздырады.
Ауруың қайда болса, жаның да сонда.
Ауруын жасырған өледі.
Ағайынын жасырған бүлінеді.
Айығар аурудың тәуібі өзі келеді.
Ауырған жерден қол кетпес,
Сүйген жерден көз кетпес.
Бір молданың басы ауырса,
Бар молданың басы ауырмас.