Көсем туралы Мақал-мәтелдер ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Мақал-мәтелдер: 7
Өлеңдер: 25
Нақыл сөздер: 5
Әңгімелер: 3
Шығармалар: 1

Қалың (топ) қаз көсемсіз болмас.Бұл мақал қандай бір істе болмасын, жөн білетін кісіге жүгіну керектігін ескертіп айтылады.
©  Түркі халықтары
Көпті көрмей көсем болмас.
Қора толы мал да көсемсіз қалмас.
Батыр қол бастар,
Көсем жол бастар,
Шешен сөз бастар.
Көсемнің дидары—
Күннен де жарық.
Көре-көре көсем болады
Сөйлей-сөйлей шешен болады.
Жүзден біреу — шешен,
Мыңнан біреу — көсем.