Байлық туралы Мақал-мәтелдер ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Басқа: 9
Мақал-мәтелдер: 149
Тақпақтар: 2
Өлеңдер: 61
Нақыл сөздер: 90
Әңгімелер: 9
Ертегілер: 2
Шығармалар: 8
Анекдот, әзілдер: 1
Аңыздар: 1

Байлығы тайған бек
Жұртсыз күн көре алмайды.
Байлық не дегізбейді,
Аштық не жегізбейді.
Байлық үшін отқа түспе, таспағын,
Құмарлықтың мойнын жұлып тастағын.
Байлық іздеп, мақтан тілеп жортқан да,
Жарасады кісілігі артқанға.
Байлықтың не керегі, қайыры болмаса,
Биліктің не керегі, әділдігі болмаса.
Байыдым деме,
Кедейлік сіңіріңе жетер.
Жетістім деме,
Қара жер түбіріңе жетер.
Байысаң да өлетұғын кез жетер,
Сонда саған екі-ақ құлаш бөз жетер.
Бай қайырлы болмаса,
Бар малынан айрылар.
Мал бетіне қараған
Жарынан айрылар.
Бай қасына көшіп бар да,
Байымасаң, маған кел.
Қу қасына көшіп бар да,
Қурамасаң, маған кел.
Байдың малы теңіз,
Ептеп жемеген доңыз.
Әуелгі байлық — иман байлық,
Екінші байлық — денсаулық.
Үшінші байлық — ақ жаулық,
Төртінші байлық — он саулық.
Ата-ананың сөзін жерге тастама,
Байып алсаң, менмендікке бастама.
Асып-тасқан байлықты
Құдай да қостамайды.
Азанда келген мал (байлық) кешке ізін табады.
Тазалық – денсаулық негізі,
Денсаулық – байлық негізі.
Адам күш жұмсап бай бола алмайды,
Арыз айтып бек бола алмайды.
Ақылға байлық — тозбас байлық.
Артық байлық аздырар,
Артық күлкі тоздырар.
Бәйбішенің байлығы –
Түйеде қара сандығы.
Баста ұтқан байымас,
Кейін ұтқан танымас.
Бойдақта байлық болмайды.
Үйдің байлығын көшкенде көрерсің.
Басқаның байлығына қайғырма.
Өнер - таусылмас азық, жұтамас байлық.
Жалқау байымас,
Сұқ семірмес.