Бөлім: «Мақал-мәтелдер»

   Мақал — нақыл сөз. Ол өмірдегі түрлі құбылысты жинақтап, түйіп, ықшамдап беріп, бір не екі тармақтан тұратын, алдыңғы жолдарында пайымдап, соңғы жолдарында қорытылған ой айтатын халықтық бейнелі поэтикалық жанрдың бір түрі, ғасырлардан екшеліп жеткен терең мазмұнды, тақырып аясы кең сөз мәйегі. Мақалдар көбіне өлең үлгісінде кейде қара сөзбен де айтылады. Ұйқасқа (“Қайраңы жоқ көлден без, қайырымы жоқ ерден без”), аллитерацияға (“Етігін шешпей ер шыңаймас”), ассонансқа (“Қатты жерге қақ тұрар, Қайратты ерге бақ тұрар”) құрылады. Мақалдар тура және ауыспалы мағынада қолданылады. Ауыспалы мағынадағы сөздер ішкі астары бар, тұтас бір ойды білдіреді (“Бір жеңнен қол шығар, бір жағадан бас шығар”), (“Ырысқа қарай ұл өсер, Қонысқа қарай мал өсер”), (“Ел — ырыстың орманы, ер — ырыстың қорғаны”), (“Ер жігіт үш ақ үй тігеді, үш қара үй тігеді”).
   Мәтел — өзінің негізгі түйіндеуін кесіп айтпайтын, бір-бірімен кереғар шендестіруі жоқ, қорытындысы тұспалды, қысқа да нұсқа нақыл сөз. Мақалға өте жақын. Мәтел сыңар тармақ болып келеді. Сөз үстемелене келіп, мақалға айналады. Мысалы, “Қаңбақтан қашсаң, дөңбекке” — мәтел. “Қаңбақтан қашсаң, дөңбекке жолығасың” — мақал. Мәтел тура, ауыспалы, астарлы мағынада қолданылады. Мәтел адамның айтқан пікіріне ой қосады, сезімін әсерлі де айшықты жеткізеді. Ақын-жазушылардың ұтымды сөздерінің біразы Мақал-Мәтелге айналған: (“Ұылымды іздеп, дүниені көздеп” — Абай), (“Жалғанды жалпағынан басып өтіп” — Жамбыл, т.б.).
Жайылымы болмаса, мал азады,Қайырымы болмаса, жан азады
©  Самет Оқанұлы
Сүйенгеніңнен сыйынғаныңкүшті болсын
©  Самет Оқанұлы
Жетім жыласа, жер жылайды
©  Самет Оқанұлы
Жүрек нені ойласа, тіл соны сөйлейді
©  Самет Оқанұлы
Алыстағы жаудың дүбірінен қорықпа,Қасыңдағы жаудың күбірінен қорық
©  Самет Оқанұлы
Тіріде сыйласпаған,Өліде жыласпайды
©  Самет Оқанұлы
Білімді өлсе, қағазда аты қалар,Ұста өлсе, істеген заты қалар
©  Самет Оқанұлы
Мақтаншақтық өтірік айтқызады,Өтірік көңіл қайтқызады
©  Самет Оқанұлы
Ауруда шаншу жаман,Сөзде қаңқу жаман
©  Самет Оқанұлы
Ашыққаннан құныққан жаман
©  Самет Оқанұлы
Елін ойламағанның – ерлігі зая,Ертеңін ойламағанның – тірлігі зая
©  Самет Оқанұлы
Көрге кірген тірі шықпас,Үйге кірген құр шықпас
©  Самет Оқанұлы
Қадам басқан адам ғанажолды бағындырады
©  Самет Оқанұлы
Жақсы дос пайдасын тигізбесе де,Зиянын тигізбейді
©  Самет Оқанұлы
Әдепті адам – арлы адам
©  Самет Оқанұлы
«Қателік – қателік емес,оны түзетпеу қателік
©  Самет Оқанұлы
Ашу сиықты бұзады,Ақыл биікті бұзады
©  Самет Оқанұлы
Берсең аласың, ексең орасың
©  Самет Оқанұлы
Ақсақ қой түстен кейін маңырайды
©  Самет Оқанұлы
Жомарт жоқтығын,Жүйрік тоқтығын елемейді
©  Самет Оқанұлы
Қолда барда алтынның қадірі жоқ
©  Самет Оқанұлы
 Қазаға – сабыр жолдас
©  Самет Оқанұлы
Біреу тойып секіреді,Біреу тоңып секіреді
©  Самет Оқанұлы
Қайта қағар есігіңді қатты жаппа
©  Самет Оқанұлы
 Құдайсыз қурай да сынбайды
©  Самет Оқанұлы