Бөлім: «Мақал-мәтелдер»

   Мақал — нақыл сөз. Ол өмірдегі түрлі құбылысты жинақтап, түйіп, ықшамдап беріп, бір не екі тармақтан тұратын, алдыңғы жолдарында пайымдап, соңғы жолдарында қорытылған ой айтатын халықтық бейнелі поэтикалық жанрдың бір түрі, ғасырлардан екшеліп жеткен терең мазмұнды, тақырып аясы кең сөз мәйегі. Мақалдар көбіне өлең үлгісінде кейде қара сөзбен де айтылады. Ұйқасқа (“Қайраңы жоқ көлден без, қайырымы жоқ ерден без”), аллитерацияға (“Етігін шешпей ер шыңаймас”), ассонансқа (“Қатты жерге қақ тұрар, Қайратты ерге бақ тұрар”) құрылады. Мақалдар тура және ауыспалы мағынада қолданылады. Ауыспалы мағынадағы сөздер ішкі астары бар, тұтас бір ойды білдіреді (“Бір жеңнен қол шығар, бір жағадан бас шығар”), (“Ырысқа қарай ұл өсер, Қонысқа қарай мал өсер”), (“Ел — ырыстың орманы, ер — ырыстың қорғаны”), (“Ер жігіт үш ақ үй тігеді, үш қара үй тігеді”).
   Мәтел — өзінің негізгі түйіндеуін кесіп айтпайтын, бір-бірімен кереғар шендестіруі жоқ, қорытындысы тұспалды, қысқа да нұсқа нақыл сөз. Мақалға өте жақын. Мәтел сыңар тармақ болып келеді. Сөз үстемелене келіп, мақалға айналады. Мысалы, “Қаңбақтан қашсаң, дөңбекке” — мәтел. “Қаңбақтан қашсаң, дөңбекке жолығасың” — мақал. Мәтел тура, ауыспалы, астарлы мағынада қолданылады. Мәтел адамның айтқан пікіріне ой қосады, сезімін әсерлі де айшықты жеткізеді. Ақын-жазушылардың ұтымды сөздерінің біразы Мақал-Мәтелге айналған: (“Ұылымды іздеп, дүниені көздеп” — Абай), (“Жалғанды жалпағынан басып өтіп” — Жамбыл, т.б.).
Ұсталы ел озар,Ұстасыз ел тозар
©  Самет Оқанұлы
Сіз-біз деген жылы сөз,Тіршіліктің ғаниметі
©  Самет Оқанұлы
Үйінде Құраны бардың,Ізгілікке құмары бар
©  Самет Оқанұлы
Елдестірмек елшіден,Жауластырмақ жаушыдан
©  Самет Оқанұлы
Жақсы – көлмен тең, суы тәтті,Жаман – шөлмен тең желі қатты
©  Самет Оқанұлы
 Білімдімен бір жүрсең,Кемтік жерің білінбес
©  Самет Оқанұлы
Жақсыда кек жоқ,Жаманда тек жоқ
©  Самет Оқанұлы
Жүк ауырын нар көтереді,Ел ауырын ер көтереді
©  Самет Оқанұлы
Көп қорқытады,Терең батырады
©  Самет Оқанұлы
Пейіліңді кеңге сал,Қырманыңды дөңге сал
©  Самет Оқанұлы
Тойдың тамашасына бақпа,тағылымына бақ
©  Самет Оқанұлы
Адамның күні адаммен
©  Самет Оқанұлы
Жақсыдан шарапат,Жаманнан кесапат
©  Самет Оқанұлы
Көршің соқыр болса,Бір көзіңді қысып жүр
©  Самет Оқанұлы
Ұлық болсаң, кішік бол
©  Самет Оқанұлы
Өзі жақсы кісіге,Бір кісілік орын бар
©  Самет Оқанұлы
Жақсы көпке ауырлық қылмайды
©  Самет Оқанұлы
Жақсылық пен ар-намыс –жанның көркі
©  Самет Оқанұлы
Таршылық болмай,Кеңшілік болмайды
©  Самет Оқанұлы
Ат жақсысы ұзақ жолда сыналады,Адам жақсысы ұзақ істе сыналады
©  Самет Оқанұлы
Жеке-жеке ғаріп болдық,Ел болдық, қарық болдық
©  Самет Оқанұлы
Атың барда желіп жүріп жер таны,Асың барда беріп жүріп ел таны
©  Самет Оқанұлы
Оқусыз білім жоқ,Білімсіз күнің жоқ
©  Самет Оқанұлы
Көңіл көзін сөз ашар,Сөйлемесе, кір басар
©  Самет Оқанұлы