Өлеңдер ✍️

  02.10.2022
  538


Автор: Гүлсім Сатыбалды

Разымын Алла, өзіңе!

 


Тар жолда, өткелің үшін,
Мұң беріп, өпкенің үшін,
Тамшыдан жан бітіріп,
Ғаламға, гүл еккенің үшін,
Разымын Алла өзіңе!



Ой берген, санам үшін,
Бой берген, балаң үшін,
Тіл беріп, бесігімді,
Тербеткен, қалам үшін,
Разымын Алла өзіңе!


 


Құлатып, сүріндіргенің үшін,
Көңілді, бүліндіргенің үшін,
Тасынсам, кейде қысып,
Жалғанды ұғындырғаның үшін.
Разымын Алла өзіңе!


 


Бағымды, сезіндіргенің үшін,
Тірліктің, көзін білгенім үшін
Досымды таңдап беріп,
Дұшпанды, безіндіргенің үшін,
Разымын Алла өзіңе!


 


Жалқы үн, жігерім үшін,
Ар-намыс, білегім үшін,
Шайқалтып дауыл болып,
Иман дос жүрегің үшін,
Разымын Алла өзіңе!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу