Өлеңдер ✍️

  02.10.2022
  601


Автор: Гүлсім Сатыбалды

Таныстыру


Аязда, жылқы жылы күтіп елмен,
Құланшы, қыз көріпті үкілеген.
Пайғамбар әпкесінің есімімен,
Еншілеп, әкем үміт көкке ілген.



Затым қыз, ұлша болды қылықтарым,
Баулыды, сырт ісіне қылып дарын.
Жаз шыға, шашты алып, кепка киіп,
Жүруші ем, мал соңына құрықталып.


 


Егістік, жайқалған сәт, бүршік атып,
Алқапқа, малдар қашты бір жүк артып.
Ойлаған ұл деп мені қарауылы,
Тепкінің астына алды, ой жылатып.


 


Неше күн, сүйек қақсап, шолтаң бастым,
Дей салдым, құлап қалдым, жол танбастан.
Ол кезде он, он бір жас бозбала ем,
Өзгеріп, тез есейдім сол таң бастан.


 


Мектепті бітіргенде тестке барғам,
Деп еді әкем, көк тиын жоқ, бөспе қарғам.
Біліммен дәлелдегем, сапар барын,
Өтіп ем, табан тіреп, көшпей ардан.


 


Сеніммен, әкем артты бауыр жүгін,
Лапылдап, мақұлдап ем, тәуірлігін.
Бар ойым әке қолын жалғау еді,
Бас сипап, тастап кетті ауырлы күн!


 


Кеткенде, мен бойжеткен есті едім,
Ұйқысыз күңіренген кешкі демім.
Қосымша табыс іздеп шарқ ұрдым,
Себебі;
-артымда, жеті бауыр өсті менің.


 


Шыққан соң, бір әкемен, бір жатырдан,
Қуансақ күліп, қиында мұң батырған.
Кетсек те, бір-бір үй боп бұл күндері,
Жүректе, бала сәт тек, таң атырған.


 


Күзімде, жиырма үш, тұрмыс шықтым,
Орнатып, басқа Бақыт, үрдіс мықтым.
Шайқасып, дауылдармен дарияда,
Өмірдің нұрын алып, мұңын жықтым.


 


Бүгінде, жарты ғасыр жақындадым,
Атағын көпбалалы, тақымдадым.
Бар еткен шүкір Алла, жаратқанға!
Жанымда, аман болсын жақындарым!


 


Өзімнен, артық көрген жүректерді,
Бұл жүрек, жүреді ойлап, жүдеп тегі.
Орны бар, бала-бауыр, ағайын-дос,
Болсын тек, БАҚЫТ сені, күзеткені!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу