Өлеңдер ✍️

  02.10.2022
  166


Автор: Гүлсім Сатыбалды

Жақын жанға


Өмірді сүріп жүрсің ыңғайыңа,
Сынақ деп, түңілесің мұң-жайыңа.
Жан ашып, ащы айттым шыңдалсын деп,
Батады, білем сенің шымбайыңа.



Сүрінсең, бұл тағдырдың сұсы жаман,
Көрсетті, мына өмір тұсы маған.
Сен жақа, ауыр күндер өтпесін деп,
Өткелді, ащы тілмен қысып алам.


 


Түсінбей, әр күніңді алау қылып,
Жүресің, сосын үнсіз шамаң құрып.
Ар менен ақиқатты алға қойсаң,
Жолыңда, бар жамандық қалар бұғып.


 


Қашанда, жақсыларға, күшке мінгем,
Сүйсініп, шүкір еткем, іштегі үнмен.
Жаратқан, өзі қалап жақын етер,
Өмірді, өзім таңдап, пішпедім мен.


 


Араны тұрғың келед(і) кілттегің кеп,
Мәжбүрсің, қалғанына жұрт жеңілдеп.
Жаныма, жақын еткен жақсыларым,
Сен жақтан, адамдықты күткенім тек!


 


Тырыспа, өзгертуге заңды бұлай,
Жанашыр жандар едік, жан құрбыдай.
Арпалыс, бүгін жаным, алай-дүлей,
Себебі, Алла заңы тағдырың-ай!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу