Өлеңдер ✍️

  02.10.2022
  185


Автор: Гүлсім Сатыбалды

Тағдыр У-ын кім ішпеген..

 


Басталар өмір кітап кіріспеден,
Жазылар, тарих, дастан бір іспенен.
Мазмұны, мағыналы болу үшін,
Шайқасып, тағдыр у-ын кім ішпеген?



Аналар, аяғанмен тотыларын,
Өмірдің қия бассаң, оты жалын.
Күншілдер, күніндегі сөрелерін,
Білмейді-ау, қасіретке толтырарын!


 


Жарысқан, байлық қуып күңкіл егес,
Бағасы, баяны жоқ, ол Күн емес.
Қасиет, берекені сезінбеген,
Адам боп, қалануы мүмкін емес.


 


Береді, Күн қаһарын күліп тұрып,
Жолында жолаушының, жүр ұқтырып.
Жүрсең де, сан сүрініп ей адамдар!
Құлайсың, қайта-қайта, біліп тұрып.


 


Жалғанның қызығы бар, қайғысы бар,
Бұл жерде мәңгі қалған қай кісі бар?
Кетерсің ертелі-кеш бұл ауылдан,
Көшіне сауаптардың….
Жәй түсіп ал!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу