Өлеңдер ✍️

  02.10.2022
  150


Автор: Гүлсім Сатыбалды

Күңірену

 


Күңіреніп, көңілім тулап далам,
Жатқаны рас, жер асты шулап бабам!
Басын алған, кезінде кіл жақсымның,
Бұл орыстың ойы не, қурап барам?!



Пенде бәрін келсе де, бауыр еткім,
Тарихымнан бұларды жауым еттім!
Қарғыс атсын!
Сатқынды арадағы,
Жасайтұғын, әр кездер дауыл екпін!


 


Түсу керек, Қазақтың құны неге?
Кеңпейілдік-көнгіштік, мұны деме!
Басынатын сырт бізді, әр ғасырда,
Айтшы көкем, бұл жайдың сыры неде?


 


Өз-өзіңді қазағым, шырылдатып,
Не көрінді, қуалап, құныңнан құт?!
Сен секілді ашкөздер, сырт елдерге,
Көрмеген ғып, көрсетер, ғұмырда түк!


 


Бұл халықтар көрсеткен, талайғы мұң,
Біле тұра қоймайсың, қалай мұның?!
Басындырмай әркімді, бірігейік,
Қазақ елге қызықсын, маңай бүгін!


 




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу