Өлеңдер ✍️

  02.10.2022
  113


Автор: Гүлсім Сатыбалды

Дұрыс па, осы?


Көбіне, мұң тебеді өзегімнен,
Дүрсілі жүрегімнің, сезе білген.
Керек пе, бір дүние туу үшін,
Өзгенің, күйін-күйттеп кезегімен!
Дұрыс па осы?!



Қиялым, жібереді түңілдіріп,
Жатамын бірін білмей, бірін біліп.
Сүрінбей жүрсем ылғи өз жолыммен,
Тағдырлар, шалады көп, бүліндіріп.
Дұрыс па осы?!


 


Өнердің дейді көбі, бағы шынар,
Білместер, көре алмастар, тағысы бар.
Ой таяз, теңеп өзін кейіпкерге,
Тағдыры, ұқсас жырға, сағы сынар.
Дұрыс па осы?


 


Іздетіп, бұл жүрекке жан тыныштық,
Ауырттың, өзге жанды, талпыныс қып.
Сен берген, өнер, өмір, қымбат маған,
Бірақ бұл, сын, ақиқат, кімге ыстық?!
Дұрыс па осы?


 


Бәріңе баға жетпес бақ тіледім,
Тілесем, қабыл болсын ақ тілегім.
Ұнатсын, өзге мені ұнатпасын,
Алла жолы-Ұлы жол деп, білемін мен!
Бұрыс па осы?




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу