Өлеңдер ✍️

  29.09.2022
  491


Автор: Бауыржан ЖАҚЫП

Сеулге хат

Сен Сеулде жүрмін дедің,
Тербеп кетті сол бір үнің көлді кеп,
Кетті менің өне-бойым елжіреп.
Қазақ жырын асқақ ұста кеудеңде,
Қазақ туын биіктерге желбірет.
Сен Сеулде жүрмін дедің,
Әлемдегі төртінші ірі шаһарда,
Тағы сонда жолың түсті баһарда.
Болмағанбыз. Біздер үшін сен жүрсің,
Мен де, анаң да, апаң менен атаң да.
Сен Сеулде жүрмін дедің,
Көпшілікке көп қимайтын көкем-ау.
Балапанды ұяда ұстау бекер-ау
Сол қаланың тұрғындарын қарасаң,
Бүкіл қазақ сыйып кетеді екен-ау.
Сен Сеулде жүрмін дедің,
Немересі, қызы болып ақынның,
Сағынамыз қауышатын жақын күн.
Ой-біліммен, парасатпен көрсетсең,
Найзағайын жүректегі отыңның.
Сен Сеулде жүрмін дедің,
Ат тұяғы жетпес жеттің жерге де,
Ойладың ба, тез дамыған, сен неге?
Адамдары тым еңбекқор екен ғой
Соны үлгі етіп әкел туған өлкеңе.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу